Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директоры Мырзабекова Ляззат Тұрсынәліқызы

20 мамыр 1972 жыл Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Мырзабекова Ляззат Турсыналиевна- білім беру саласында 25 жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан білікті маман. “Білім саласындағы оқытудың озық технологияларын қолдана отырып, білім алушылардың шығармашылығын арттыру ” өзекті мәселесін жүзеге асыру барысында білім алушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру арқылы ізгілікке, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелейді. Білім алушылардың ой-өрісін дамыту және белсенділіктерін арттыру мақсатында тиянақты білім беру үшін ғылыми іздену жұмыстарымен шұғылданады.

Соның айғағы ретінде бірнеше мақтау қағаздары мен марапаттар иегері. Атап айтар болсақ:

Облыстық информатика пәні әдіскерлерінің “Үздік оқу-әдістемелік кешен” байқауының ІІ дәрежелі дипломаты.
Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Панфилов ауданының әкімі Құрмет грамотасы, Жаркент қаласы қ, 2010 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кіші ғылым академиясының Мақтау қағазы, Алматы қ, 2010 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кіші Ғылым Академиясының Құрмет грамотасы, Алматы қ, 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кіші ғылым академиясының Мақтау қағазы, Алматы қ, 2012 жыл
Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы “Үздік білім беру моделі арқылы мұғалім құзыреттілігін қалыптастырудағы “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі” атты республикалық форумға ізденімпаздықпен оқушы танымын қалыптастырудағы қосқан үлесі үшін Грамотасы, Алматы қ, 2011 жыл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кіші ғылым академиясының Мақтау қағазы, Алматы қ, 2013 жыл
“Дарынды балаларға-талантты ұстаз” ІХ Республикалық педагогикалық олимпиадасы Мақтау қағазы, Щучье қаласы, 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы облысы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің Грамотасы, Талдықорған қ, 2014 жыл
Астана қаласы Оқыту және дамыту орталығы І Республикалық “Жас зияткер” олимпиадасының Дипломы, Астана қ, 2014 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кіші ғылым Академиясының Мақтау қағазы, Алматы қ, 2017 жыл
“Үздік электрондық ресурстар” атты облыстық байқауының І дәрежелі дипломаты,Тараз қаласы, 2017 жыл