Дата: 12 марта, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жас ұрпақтың бойында патриоттың, отан сүйгіштік, адамгершілік, әділдік бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың рөлі зор.

         Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның патриоттық рухта тәрбиелеу, рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне аудара бастады.

          Қазіргі таңда жан-жақты біліммен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-колледж кітапхансы. Кітапхана-оқу орындарындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері.

        Колледж кітапханасы студенттер мен оқытушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет көрсетеді, олардың қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.

        Кітапхана заман талабына сай жабдықталған. Оқу залында 6 заманауи компьютермен қамтылған.

        Тақырыпты көрмелер бар, атап айтқанда: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Елбасы-ер тілегі», «Қазақтың бас ақыны-Абай», «Мамандығым –мақтанышым», «Жаңартылған білім-жетістік көзі, Бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі», Топ жетекшілерге арналған бұрын орналасқан. Жалпы кітап қоры 1700 кітап, оның ішінде 134 оқулық 10-11 сыныптарға арналған. 1566 кітап мамандық бойынша. 25 электрондық оқулық, пәндер бойынша 13 элетрондық оқулық бар.

       Жылдық жоспар бойынша топ жетекшілері және студенттермен түрлі іс-шаралар атқарылды.

       Қыркүйек айында мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық  диолог-Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі атты жолдауы ұжым және студенттер болып тыңдалды.

       «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» атты І курс студенттерімен ТИГУ акт залында концерттік үлкен  кеш өткізілді.

        Қазан айында «Ұлағатты ұстазым» мерекелік кеш «Қарттарым асыл қазынам» облыстың драма театрдың әріптестерімен, тәрбие меңгерушісімен және студенттер кездесу ұйымдастырылды.

         Қараша айында «Ата-ананың сөзі-тәрбиенің көзі» атты тақырыпта баяндама студенттер арасында тыңдалды.

        Желтоқсан айында «Кемеңгер-елбасы-ырысы елімнің» атты тәрбие сағаты А-9-19, В-9-19 топ студенттерімен өткізілді.

        Кітапхана  оқу залында «Ел басы-ел тірегі» атты кітап көрмесі жасалды.

         «ЖИТС-ке жол бермеу-денсаулықты сақтау» тақырыбында колледж медбикесімен бірлесе отырып тренинг ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік-бақыт жолы» тақырында барлық топ аралығында патриоттық өлеңдер жарысы өткізілді. Жарыс соңында ерекше орын алған топтар марапатталды.

Осы өткізілген іс-шараларға арнайы папка арналып материалдар жинақталған. Алдағы уақытта студенттермен және тәрбие меңгерушісімен бірлесе отырып олардың кітапқа, түрлі іс-шараларға қызығушыларын   кеңінен  насихаттау жоспарланып отыр.